Мәдениет

Әлішер Кәрімов "Ресей дауысы" шоуында өнер көрсетті – видео

© Sputnik / Владислав ВодневПресс-конференция в Министерстве культуры и спорта РК. Алишер Каримов
Пресс-конференция в Министерстве культуры и спорта РК. Алишер Каримов - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2021
Жазылу
Қазақстандық әнші қазылар алқасы мүшесінің бірі Александр Градскийдің командасына кірді

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша — Sputnik. Белгілі қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов ресейлік "Дауыс" шоуына қатысты.

Әлішер Кәрімов Шарль Азнавур және Жорж Гарваренцтың "Мәңгі махаббат" әнін орындады.

Қазақстандықтың өнері ресейлік әнші Александр Градскийдің көңілінен шығып, ол әннің басында оған бұрылды. Осылайша Әлішер Кәрімов оның командасының құрамына өтті.

"Маған төменгі регистр ұнады. Фантастика", - деді тәлімгерлердің бірі Леонид Агутин. Пелагея да өз бағасын берді.

"Жақсы өнер көрсеттіңіз. Құттықтаймын", - деді әнші.

Айта кетері, Әлішер Кәрімов – ресейлік  "Дауыс" шоуына қатысқан үшінші қазақстандық әнші. Бұған дейін Әміре деген атпен танымал Ернар Садырбаев пен 2019 жылы "Славян базары" байқауында гран-при иегері атанып, Димаш Құдайбергеннің жетістігін қайталаған Әділхан Макин қазылар алқасы мен көрермендерді таңғалдырған еді.

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар
0