НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Бақытжан Қажиев "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Ол қызметтен өз еркімен кетті.
"KEGOC" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы болып Қаныш Молдабаев үш жыл мерзімге тағайындалды, оның "KEGOC" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі өкілеттігі де мерзімінен бұрын тоқтатылды.
"KEGOC" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Сүйіншілік Тиесов сайланды.
Сонымен қатар Ернат Бердіғұловты "Самұрық-Қазына" АҚ мүдделерінің өкілі ретінде "KEGOC" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлау туралы шешім қабылданды.
С.Тиесов пен Е.Бердіғұловтың өкілеттік мерзімі жалпы "KEGOC" АҚ директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге белгіленген.