Экономика

Екібастұзда апат болды: үш электр станциясында энергия блоктары тоқтатылды

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтуЛинии электропередач
Линии электропередач - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2021
Жазылу
Үш электр станциясындағы генерацияның жиынтық көлемі 1000 МВт-қа төмендеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан –  Sputnik. Екібастұздағы үш бірдей электр станциясында энергия блоктары апатты түрде тоқтатылды. Бұл туралы "KEGOC" компаниясына хабарлады

"14 қазанда бірнеше сағаттық аралықпен Екібастұз МАЭС-1 және Екібастұз МАЭС-2-де қуаты 500 МВт-тық ірі энергия блоктары апаттық жағдайда ажыратылды. Сондай-ақ "ЕЭК" АҚ электр станциясындағы қазандық генерациясының көлемі 150 МВт-қа төмендетіле отырып, апатты түрде тоқтатылды", - делінген ресми хабарламада.

Осылайша үш электр станциясындағы генерацияның жиынтық көлемі 1000 МВт-қа төмендеді.

Компания өкілдері қазірдің өзінде қуат тапшылығы бар екенін жеткізді. Ал үш бірдей электр станциясындағы авариялық ажыратулар салдарынан апаттық жағдай жүйелі түрде туындап отыруы мүмкін. Осыған байланысты мемлекетаралық электр жеткізу желілерін қайта жүктеуге тура келеді. Ресейдің энергия жүйесімен шекарада қуат ауытқуына әкеліп соқтыруы да мүмкін.

Қазіргі кезде апаттың алдын алу және "KEGOC" АҚ энергетикалық жүйесінде өндірістің төмендеу салдарын азайту үшін энергетика министрлігінің келісімімен жоспардан тыс тұтынатын кәсіпорындардың электр энергиясын тұтыну көлемін шектеді. Шектеулер жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелер бойынша енгізіліп отыр.

Жаңалықтар
0