Оқиға

"Жетіскеннен барған жоқ": үш баласымен биіктен секірген әйелдің туыстары кімді кінәлайды

© AP Photo / Marcelo RuizСилуэт женщины, архивное фото
Силуэт женщины, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2021
Жазылу
Соңғы кезде ерлі-зайыптылар арасында кикілжің пайда болды, дейді көз жұмған әйелдің туыстары

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Алматыда үш баласымен терезеден секірген әйелдің ата-анасы қызының отбасы туралы айтты.

Әйелдің ата-анасы Шымкентке Өзбекстаннан 2000 жылдардың басында көшіп келген. Олардың айтуынша, қызы екі жыл бұрын медицина академиясын тәмамдапты.

Ол тұрмысқа осыдан жеті жыл бұрын шыққан. Ерлі-зайыптылар Алматыда пәтер жалдап тұрған, деп хабарлады Экспресс К.

Жеті жылда ол үш баланы дүниеге әкелген. Алайда соңғы кезде олардың арасында кикілжің пайда болды. Ерлі-зайыптылар бөлек тұрған. Әйелдің туыстары күйеу баласы туралы жақсы пікірде емес.

"Біз мұның бәріне кінәлі күйеуі деп ойлаймыз. Мұндай қадамға жетіскеннен барған жоқ қой. Оның күйеуі жұмыссыз. Оған әпкелері көмектесетін. Біз қызымыз мұндай қадамға әлеуметтік мәселе үшін барды деп ойламаймыз. Ол моральдік тұрғыдан әбден шаршаған сияқты. Ағалары мен әкесі мәйіттерді алып келу үшін қалаға кетті", - дейді туыстары.

Әйел мен балалардың жаназасы 24 қарашада шығарылады.

Басылымның мәліметінше, бірнеше жыл бұрын әйелдің сот орындаушылармен проблемасы болған. Борышкерлердің бірыңғай реестріндегі мәліметке сәйкес, оған шетелге шығуға тыйым салынған. Сондағы қарыз мөлшері - 67 238 теңге. Бұл ақшаны ол онлайн-несие ретінде микроқаржылық ұйымдардан алған.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қарашада Алматыда жас әйел үш кішкентай баласымен тоғызыншы қабаттан секіріп кетті. 

Трагедия "Жетісу" шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. 28 жастағы әйел 2015, 2016 және 2019 жылғы балаларымен бірге 9-шы қабаттан секіріп кетті. Олардың төртеуі де көз жұмды.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0