Өңірлер

"Жылаған жоқ, үндемей құлады": Алматыдағы отбасылық трагедияның мән-жайы

© Sputnik / СтрингерЖенщина с тремя детьми выпала из окна
Женщина с тремя детьми выпала из окна - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2021
Жазылу
Қайтыс болған келіншектің күйеуі үйде болған жоқ. Бірақ көршілері оның туыстарын көрген. Олар қайғылы жағдайды естіп келген

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Алматыда жас келіншек терезеден үш баласын лақтырып, артынан өзі мерт болған үйдің тұрғыны Шынар оқиғаны өз көзімен көргенін айтты. Ол бірінші болып, жедел жәрдем шақырды. Ал жолдасы жерде жатқан бір балаға көмек көрсетуге тырысты.

Шынардың өзі үш баланың анасы, кіші ұлы 14 жаста. Сол күні ол балаларға түскі ас дайындап жатқан.

"Бір кезде жерге бір нәрсе гүрс ете түсті. Біз бесінші қабатта тұрамыз, терезе ашық болды. Бас кезінде біреу терезеден күл-қоқыс лақтырып жатыр ма деп қалдым. Бірнеше секундтан кейін тағы бір нәрсе құлады. Сол кезде терезеден қарап есеңгіреп қалдым. Миым көзім көрген нәрсені қабылдаған жоқ. Ішімнен "манекен шығар, манекен шығар" деп айта бердім. Кішкентай бала, ұл бала киімсіз жатты, тыр жалаңаш. Ішкөйлегі ғана болды-ау деймін. Артынан қыз құлады. Мен айқайлай бастадым. Не дегенімді білмеймін. Айқайлай бердім", - деді Шынар Ulysmedia порталына берген сұхбатында.

Ол жедел жәрдем шақырды. Ал күйеуі далаға атып шықты. Ол кезде қыздардың біреуі қолын қозғап жатқан.

"Келіншектің өзі кішкентай бала сияқты ғой. Шашын жинап қойған. Жолдасым далаға шыққанда бір қызы қолын қозғап жатқан. Оны көтеріп алғысы келді. Бірақ адамды қозғауға болмайды ғой. Бір жеріне зақым келуі мүмкін. Сол есіне түсті де, ештеңе істей алмады", - дейді Шынар.

Қайтыс болған келіншектің күйеуі үйде болған жоқ. Бірақ көршілер оның туған-туыстарын көрген. Олар қайғылы жағдайды естіп келген.

"Ең қорқынышты нәрсе, анасы да, балалар да үндемей құлаған. Тыныш қана секіріп кеткен. Төменде көрші ғана бәрін көріп, "Не істеп жатырсыңдар?!" деп айқайлады. Сол сәт есімнен кетпейді. Олар айқайлаған жоқ, жылаған жоқ, көмекке шақырған жоқ, үн-түнсіз күл-қоқыс қаптары сияқты тоғызыншы қабаттан құлай салған. Гүрс еткен дыбыс естілді, болды", - деп еске алады Шынар.

Оның айтуынша, бұл бір үйдің трагедиясы емес. Тұтас бір елдің трагедиясы.

"Мен мұны ұмыта алмаймын. Көз алдымнан кетпейді. Ештеңе істей алмаймын. Бүгін күні бойы жыладым", - деді Шынар.

Жас отбасы Жетісу ауданында орналасқан №21 үйде бір бөлмелі пәтер жалдап тұрған. Олар мамыр айында көшіп келді. Үйдің бірінші қабатындағы дүкен сатушысы екі үлкен қыздың үнемі келіп тұрғанын айтты. Үсті-басы таза, азық-түлікті қарызға да сұраған емес.

Күйеуі басқа әйелге кетті ме

Алматыдағы трагедия 22 қарашада болды. Күндіз сағат 12:30-дың шамасында Жетісу-1 шағын ауданындағы көпқабатты үйдің терезесінен 28 жастағы әйел мен оның үш баласы құлаған. Екі қыз бес және алты жаста болса, кенжесі – екі жасар ұл. Оқиға орнында әйел мен екі бала қайтыс болды. Үшінші бала жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды.

© Sputnik / СтрингерТрагедия болған үй
Жылаған жоқ, үндемей құлады: Алматыдағы отбасылық трагедияның мән-жайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2021
Трагедия болған үй

Бақытгүл терезеден секірердің алдында хат жазып кеткен. Бірақ мұндай шешім қабылдауына нақты кім кінәлі екенін көрсетпеді. Ол сынаққа төзе алмай, өмірден шаршағанын жазған. Ешкімді кінәламайтынын, бірақ бұл жағдайға кінәлі адамдар өздері хабардар екенін айтып, кешірім сұрапты.

Қайғылы жағдай болған кезде 30 жастағы күйеуі үйінде болмаған. Ал үйдің есігі ішінен құлыпталып тұрыпты. Полиция ішіне кірер кезде есікті бұзған. Көршілердің сөзінше, отбасы жұртпен бірдей өмір сүрген. Ерлі-зайыпты көпшілік алдында ұрсыспаған.

Тергеуге жақын жүрген адамның айтуынша, жас келіншектің күйеуі басқа әйелге кетіп қалған. Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0