НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтандағы Mega Silk Way ойын-сауық сауда орталығында 29 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
22 қараша күні кешкі уақытта жедел жәрдем қызметіне Mega Silk Way сауда және ойын-сауық орталығында әйелдің есінен танып қалғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына бірден жедел жәрдемнің мамандары аттанды. Бірақ ол дәрігерлер келгенше қайтыс болды.
Куәгерлердің айтуынша, 28 жастағы келіншек кенеттен есінен танып қалған. Одан кейін қалтырай бастаған.
"Әйел есінен танып қалғаннан кейін куәгерлер медициналық бекеттің қызметкерлерін шақырып, реанимациялық шаралар жасап көрген. Бірақ одан нәтиже шықпады", - дейді басқарма мамандары.
Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.