Өңірлер

Елордада ашық қалған пәтерлерге ұрлыққа түсетін тұрғын ұсталды – видео

© Sputnik / Абзал КалиевКража, иллюстративное фото
Кража, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2021
Жазылу
Анықталғанындай, күдікті тұрғындармен ілесіп кіреберіске кіріп, есіктердің тұтқасын тексеру арқылы пәтерлерді аралап шығады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Елорда тұрғыны пәтерлердің тұтқасын тексеріп көру арқылы ұрлық жасаған, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нұр-Сұлтан қ. ПД (@police_nur_sultan)

Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 42 жастағы ер адамды ұстады.

Анықталғанындай, күдікті тұрғындармен ілесіп кіреберіске кіріп, есіктердің тұтқасын тексеру үшін подъездерді аралап шығады. Осылайша ашық қалған пәтерге кіріп, дәлізден құны 400 мың теңге тұратын "Ксиоми" маркалы ұялы телефонмен сөмкені жымқырып кетеді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0