НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Ақтау әуежайының қызметкерлері әвиациялық отынды ұрлау кезінде қолға түсті.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері "Ақтау халықаралық әуежайы" қызметкері А.Әбдікамаловты авиациялық отынды заңсыз сату әрекеті кезінде ұстады.
Тергеу барысында ол әуежайдың жанар-жағар май қоймасының меңгерушісі М.Чапаевпен бірге авиациялық отынды (керосинді) ұрлауды ұйымдастырғаны анықталды.
Олар керосиннің литрін 120 теңгеден сатқан. Алыпсатарлар отынды мотор майымен араластырып, үшінші тұлғаларға литрін 150-160 теңгеден саудалаған.
Барлығы 63 мың литрден астам авиациялық отын ұрланған.
Ұрлықпен қолға түскен қызметкерлер 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.