Саясат

Тоқаев БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінің бас директорын қабылдады

© Официальный сайт Президента Казахстана / AMANТокаев принял гендиректора отделения ООН в Вене
Токаев принял гендиректора отделения ООН в Вене - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2021
Жазылу
Гада Вали Ауғанстаннан БҰҰ қызметкерлерін эвакуациялауға және оларды Алматы қаласында қабылдауға көмек көрсеткені үшін елімізге алғыс білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы елімізге сапармен келген БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінің Бас директоры, БҰҰ  Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры Гада Валиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында заңсыз есірткі айналымына, ұйымдасқан қылмысқа, жемқорлыққа, терроризмге, сондай-ақ кибер қылмысқа қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның халықаралық істердегі негізгі рөлін атап өтті. Ол Қазақстан дүниежүзілік ұйыммен орнықты даму, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету салалары бойынша тығыз іс-қимылдарды жалғастыруға мүдделі екенін нақтылады. Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының аймақтағы, әсіресе Ауғанстандағы қазіргі ахуалға қатысты жүргізіп отырған белсенді қызметіне қолдау білдірді.

"Президент БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Орталық Азия үшін 2022-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасының қабылдануын құптады. Аталған бағдарлама табысты ынтымақтастықты одан әрі жалғастырудың берік негізін қалайды", - делінген ақпаратта.

Гада Вали елімізде жүргізіліп жатқан, оның ішінде құқық қорғау жүйесін жаңғыртуға бағытталған реформаларды жоғары бағалады.

Сондай-ақ, Ауғанстаннан БҰҰ қызметкерлерін эвакуациялауға және оларды Алматы қаласында орналастыруға көмек көрсеткені үшін елімізге алғыс білдірді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0