Елорда тынысы

Жүзден аса жол апаты болды: полиция жүргізушілерге үндеу жасады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2021
Жазылу
НовостиTelegram
22 қараша таңғы сегізден бері елордада 51 жол апаты тіркелді. Көбі ауа райының нашарлауынан болған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан полициясы елордалық жүргізушілерге жолда мұқият болуды ескертті. Өткен тәулікте қалада 75 жол апаты тіркелді, бір адам зардап шекті.

Бүгін таңғы сегізден бері 51 жол апаты болған, салдарынан бір тұрғын жарақат алды.

"Нұр-Сұлтанның полиция департаменті қолайсыз ауа райына байланысты жүргізушілерді қозғалыс кезінде мұқият әрі сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз ара қашықтық пен маневр жасау ережелерін бұлжытпай сақтауға шақырады. Жаяу жүргіншілер де абай болғаны жөн", - деп ескертті полициядағылар.

Ертең, 23 қараша, синоптиктердің болжамынша Қазақстанда ауа райы қолайсыз болады. Негізінен қар жауып, жел күшейеді, бұрқасындатып, тұман түседі. Елдің тоғыз өңірінде дабылды ескерту жарияланған.

Нұр-Сұлтанда желдің екпіні секундына 15 метрге дейін барады, бұрқасын, күндіз және түнде қар болжанып отыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0