Өңірлер

Қалың қар, аяз: синоптиктер 23-25 қарашадағы ауа райына болжам жасады

© Sputnik / Тимур БатыршинИней
Иней - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2021
Жазылу
Циклон бұрынғыша тұрақсыз ауа райы сипатын сақтайды, көбінесе қар түріндегі жауын-шашын жауады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

23-25 қараша аралығында Қазақстанға Солтүстік-Батыс циклон және онымен байланысты фронтальдық бөлімдер өз ықпалын жалғастырады. Циклон бұрынғыша тұрақсыз ауа райы сипатын сақтайды, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) өтеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болжанады.

Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде 2-10 градустан 18-23 градусқа дейін, күндіз 5 градус суықтан 5-15 градусқа дейін аяз күтіледі.

Орталықта және шығыста түнде 0-8 градус суық, күндіз 3 градус суық, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 6 градус суық, күндіз 9-17 жылы болады деп болжанды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0