НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Еуропаға қайықпен бет алған жетпіс бес мигрант Жерорта теңізіне батып кетті.
Халықаралық көші-қон ұйымы жергілікті кеңсесінің мәліметінше, мигранттар қайықпен Еуропаға бара жатқан. Алайда 75 мигрант Ливия жағалауында Жерорта теңізіне батып кетті.
Балықшылар он бес адамды құтқарып, Зувара қаласына жеткізген, деп хабарлайды РИА Новости.
ХКҚҰ дерегінше, биыл Жерорта теңізінде 1,3 мыңнан аса адам қаза тапты.
Еске салсақ, ливиялық лидер Муаммар Каддафиді 2011 жылы тақтан тайдырып, өлтіргеннен кейін Ливия біртұтас мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Ел Еуропаға кіргісі келетін заңсыз мигранттар үшін транзиттік пунктке айналды.
Оқи отырыңыз: