Қоғам

Белгілі қазақстандық журналист қайтыс болды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2021
Жазылу
Қазақстандық журналистің неден қайтыс болғаны хабарланған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. "Комсомольская правда – Казахстан" газетінің бас редакторы Виктор Кияница 57 жасында көз жұмды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға отбасының досы хабарлады.

Белгілі қазақстандық журналистің неден қайтыс болғаны белгісіз.

Виктор Кияницаның өмірбаяны

Виктор Кияница 1964 жылы 4 шілдеде Алматыда дүниеге келген. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдады. Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі.

Журналистік қызметін "Комсомольская правда" газетінің тілшісі болып бастады. 1990 жылдардың басында "Московские новости" газетінің Қазақстан мен Орта Азиядағы меншікті тілшісі, ал кейін "Огонек" журналының Қазақстандағы меншікті тілшісі болып жұмыс істеді. 1997-1998 жылдары Gala-TV телекомпаниясының шеф-редакторы, 1998 жылы "Хабар" агенттігінде "Жеті күн" бағдарламасының жетекшісі болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық спорт журналисі Евгений Гайдамакин қайтыс болды

1998-1999 жылдары Кияница премьер-министрдің баспасөз қызметін, кейін Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры қоғамдық байланыс орталығының баспасөз қызметін басқарды.

2002-2003 жылдары Қазақстандағы "Комсомольская правда" ЖШС бас директоры болды.

Арадағы аздаған үзілістен кейін "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінде істеді.

2005 жылы "Страна и мир" газетінің бас директоры қызметін атқарды. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесшісі болды.

Соңғы қызметі – "Комсомольская правда – Казахстан" газетінің бас редакторы.

Виктор Кияница – "Алтын жұлдыз" байқауының лауреаты, Қазақстан президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының иегері.

Sputnik Қазақстан редакциясы Виктор Кияницаның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Жаңалықтар
0