НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. 39 жасында қазақстандық спорт журналисі Евгений Гайдамакин дүниеден озды.
Әріптесінің қазасы туралы хабарлаған журналист Айдын Қожахмет оның көз жұмуына коронавирус себеп болғанын айтты.
"Коронавирус әлі 40-қа да келмеген талантты журналисті арамыздан алып кетті", - деп жазды ол.
Әріптестері оның кәсіби қызметіне жоғары баға беріп, спорт тақырыбын қаузайтын нағыз маман екенін атап өтті.
Соңғы кезде ол Youtube каналында өзінің Sports True жобасымен айналысып жүрген.
Каналдағы соңғы шығарылымдарының бірінде індетпен күресіп жатқанын айтқан.
Sputnik Қазақстан ұжымы журналистің жақындары мен туыстарына көңіл айтады.