Өңірлер

Қызылордада боранды күні жоғалған әке мен бала табылды

© Sputnik / Юрий Кавер / Медиабанкке өтуСолнце садится в большое облако — ночью возможен буран
Солнце садится в большое облако — ночью возможен буран - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2021
Жазылу
Жолаушылар қалың жауған қар мен ақ түтек​ боранның​ салдарынан келе жатқан​ жолынан​ адасып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Қызылордалық полицейлер боранды күні жоғалған әке мен баланы тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

16 қараша күні Қызылорда облысында ауа райы күрт нашарлады. Қалың қар жауып, боран соқты.​ Сол күні күндізгі сағат 09:00 шамасында 41 жастағы ер адам мен оның 11 жастағы ұлы атқа мініп, Жалағаш ауданының Аққыр ауылынан 80 шақырым қашықтықта орналасқан "Түгіскен" учаскесінде орналасқан фазендаға қарай бет алған. Бірақ осы уақытқа дейін фазенда басына бармағандығы белгілі болды.

Осы дерекке байланысты жоғалған адамдарды іздестіруге Қызылорда облысы полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дереу жұмылдырылды.

Полицейлер, ТЖД қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен еріктілерден арнайы топ құрылып, екі күн бойы жоғалған азаматтарды іздестіру жұмыстары жүргізілді.​ Ауданның барлық ауылы, далалық жолдар түгел қамтылды.​

​Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жоғалған әке мен бала Жалағаш ауданы Аққыр ауылына қарасты "Бекей" даласынан солтүстікке қарай 60 ​шақырым жерден аман-есен табылды.​

"Іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды. Әкесі мен ұлы қалың жауған қар мен ақ түтек​ боранның​ салдарынан келе жатқан​ жолынан​ адасып кеткен", – дейді ПД бастығы Сұлтан Бектөре. ​

Полиция өңір тұрғындарынан дабылды ескерту жарияланған уақытта алыс сапарға шықпауын сұрады. Шаруа қожалықтарының жұмысшылары қыстау мен жайылымнан алыс кетпеуге тырысуы қажет.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0