Dubai Airshow 2021: Су-75 жойғышының ерекшелігі неде

© Sputnik / Maksim Blinov / Медиабанкке өтуПилот многофункционального истребителя пятого поколения Су-57 приветствует зрителей после выполнения демонстрационного полета на МАКС-2021
Пилот многофункционального истребителя пятого поколения Су-57 приветствует зрителей после выполнения демонстрационного полета на МАКС-2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Жазылу
Су-75 (Checkmate) бесінші буын жаңа жойғышы БАӘ-де Dubai Airshow 2021 көрмесінде көпшілік назарына ұсынылды

Шетелдік мамандарды ұшу жылдамдығы мен мүмкіндігі, радиолокация жағынан нысанға ілікпеуі, ұшқышсыз ұшуы жағынан ресейлік ұшақтың бағасы таңғалдырды.

Dubai Airshow 2021 көрмесінде Су-75 жеңіл жойғыш ұшағының шетелдегі алғашқы таныстырылымы өтті. Оның түпкі мақсаты – әлемдік нарықты жаулап, америкалық F-35 ұшағын ығыстыру. Ал ол үшін Комсомольск-на-Амуре авиазауытының Checkmate өнімі күш-қуаты мен техникалық сипаты жағынан жоғары мүмкіндікке ие.

Құрастырушылардың айтуынша, Checkmate 3000 шақырымға дейін жанармай құймай, 2460 км/сағ жылдамдықпен жүріп, 7400 келі жауынгерлік жүктемені тасымалдай алады. Сондай-ақ бір мезетте алты әуе, теңіз және жер үсті нысандарына, соның ішінде соққы дрондары мен бесінші буын шетелдік ұшақтарға шабуыл жасай алады.

Инспекторские полеты в Талдыкорганском гарнизоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2021
Видео
Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы жойғыш ұшаққа отырды - видео
Ресейдің бесінші буын Су-75 (Checkmate) платформасы ашық архитектураға ие және шамамен 20-30 миллион долларға бағаланады, демек америкалық F-35-тен 3-4 есе арзан. Бұл сатып алушылар үшін өте тиімді, оның үстіне Ресейдің әуе-ғарыш күштері 2024 жылы ресейлік жеңіл жойғышты қызметке енгізеді. Айта кетері, Lockheed Martin өндірген америкалық F-35 көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатса да, әлі күнге дейін Пентагоннан ірі көлемде шығару туралы мақұлдау алмады. Демек, АҚШ әскери-әуе күштері ресми түрде қабылдамаған.

"Сухой" біріккен әуеқұрылыс корпорациясының бас директоры Юрий Слюсарь бұған дейін Комсомольск-на-Амуреде жаңа бір қозғалтқышты Су-75 жойғыш ұшағының бірнеше үлгісі шығарыла бастағанын айтқан. Алдағы 15 жылда жеткізу көлемі алдын ала 300 көлік деп бағаланды. Ұшақ Африка, Үндістан және Вьетнам елдеріне экспорттауға бағытталған.

Мамандардың пікірінше, жаңа көрінбейтін Checkmate ұшағы қолданысқа енгізу кезінде біраз шығынды талап етеді, алайда жиырмаға жуық елдегі Ресейдің МиГ-29 төртінші буын жойғыш ұшағын алмастыра алады. Мұндай оптимизм толық сенімге негізделген, себебі Рособоронэкспорт Дубайда 2,5 миллиард долларға әр түрлі типтегі ұшақтарды жеткізуге тапсырыс алды. Қазірге дейінгі тапсырыс көлеміне келсек, 180 тікұшақ техникасы 4 миллиард долларға бағаланады.

Dubai Airshow 2021 көрмесінде Ресей  Таяу және Қиыр Шығыс, Латын Америкасы елдеріне бесінші буын Checkmate жаңа жеңіл жойғышын жеткізуді талқылап жатыр. Ресейдің біріккен әуеқұрылыс корпорациясының басшысы Юрий Слюсарь ұшақ бастапқыда БАӘ үшін жасалғанын айтты. Америка Құрама Штаттарының реакциясы да түсінікті, алайда Су-75-дың мүмкіндіктері сатып алушылардың көңілінен шығатыны соншалық, бұған америкалықтар кедергі келтіре алмайды.

Сирия тәжірибесін ескеріп жобалау, жасанды интеллект, ұшқыш және ұшқышсыз басқару модификациясы, радиолокация жағынан нысанаға ілінбеу, жауынгерлік радиусы 1500 шақырым, жоғары маневр, жеңіл және орташа жойғыш үшін 7,4 тонна жүк көтеру қабілеті, 16 тоннаға дейінгі қозғалтқыш күші кез келген жауға "шах және мат" қояды.

Checkmate арсеналына орта және аз қашықтықтағы "ауа – ауа" және "ауа – жер" зымырандары, басқарылатын және басқарылмайтын бомба түрлері және басқалар кіреді. Тапсырманы жасырын орындау кезінде жойғыш бес әуе зымыранын алып жүре алады. Су-75 борт радиолокациялық станциясы белсенді фазаланған антенна торымен жабдықталған, бұл алты әуе нысанасына дейін шабуыл жасауға және 30-ға дейін бақылауға мүмкіндік береді.

Стратегиялық  бомбардировщик-ракета жеткізуші Ту-95МС - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Ресей әуеде тәулік бойы ұшатын әскери ұшақ дайындауға кірісті
Ұшқышсыз модификация – сән емес, қажеттіліктен туған тактикалық техниканы кеңейту шарты. Сондай-ақ Су-75-ті орталық әскери операцияларда қолдану үшін қажет. Жойғыш ақпарат алмасуды, басқа авиациялық кешендер мен ұшқышсыз жойғыштарды нысанаға алуды үйреніп жатыр. Бұл тұрғыдан Checkmate "жоғары бәсекелестікке ие". Салыстырып қарасақ, 30 миллион долларға америкалық F-16 төртінші буынының жартысына жуығын сатып алуға болады. Су-75 өндірісі Су-35 және Су-57 жойғыштарын біріздендіру арқылы арзандады.

Ұшу қабілеті, жауынгерлік сипаттамасы және қолжетімді бағаның ерекше үйлесімі Ресейдің бір моторлы Су-75 жойғыш ұшағын халықаралық қару-жарақ нарығын жаулап алуға жол ашады – 2026 жылдан бастап жойғышты шығару қарқыны күшейеді.

Еуропада ресейлік Checkmate-ді АҚШ үшін "ауыр соққы" деп таныды және Су-75-ке байланысты Вашингтонның "басы ауырады" деген болжам жасады. Осылайша АҚШ әуе күштері үшін әуе әлеміндегі артықшылықтар күрделі жұмысқа айналады, оны алдағы 40 жылда "қайта қарастыруға" тура келеді.

Military Watch Magazine америкалық мамандандырылған басылымы жаңа ресейлік Су-75 жойғыш ұшағын "өнер туындысы" деп атады. Ресейлік қуатты әуе техникасы әлемде үлкен сұранысқа ие. Ресей тек жоғары технологиялық қару-жарақ шығармайды, өндіріс, техникалық қызмет көрсету, жөндеу құпиясын бөліседі.

ВТС желісі бойынша Ресей өндірісіне берілген тапсырыстың жалпы көлемі қазір 52 миллиард долларға жетеді. Алдағы жеті жылда Ресей халықаралық нарыққа 50-ге жуық жаңа қару-жарақ үлгісін шығаруды жоспарлап отыр, оның ішінде авиатехниканың 20-дан астам үлгісі мен зымыранға қарсы қорғаныстың он кешені болады.

Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасына жазылыңыз.

Жаңалықтар
0