Өңірлер

Атырауда қонақ жігіт қаланы аралау үшін ақылға қонбайтын әрекет жасады – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинАвтомобили на дорогах Алматы
Автомобили на дорогах Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Жазылу
42 жастағы жүргізуші автобустың ұрланғанын таңертең тұраққа келгенде бір-ақ білген

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Атырауда 30 жастағы ер адам жолаушы тасымалдайтын Daewoo автобусын ұрлап кеткен.

42 жастағы жүргізуші автобустың ұрланғанын таңертең тұраққа келгенде бір-ақ білген. Басында өз көзіне өзі сенбепті, деп жазды Ақ Жайық.

Ұры автобуспен қала ішінде ұзақ жүрмеген, оны жедел басқару орталығы қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы тез тауып алды. Ол Ақмола облысының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. 

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі (Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе басқа көлік құралын заңсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0