НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Елордада дәмханаға ұрлыққа түскен ер адам қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысынан келген қонақ түнде дәмханаға кірмек болған. Ол кіреберістегі бірінші есіктің әйнегін шағып, екіншісін сындыра бастаған сәтте дабыл жүйесі іске қосылып кеткен.
Ер адам сонда да қоймаған. Құлыпталған касса аппаратына барып, оны ашу үшін еденге лақтырады. Осылай бірнеше рет жасағаннан кейін касса ашылған, бірақ ондағы қағаз ақша мен тиын-тебен жан-жаққа ұшып түседі.
40 минут ішінде 3 дүкенді тонаған: Қарағандыда әккі ұрылар іздестіріліп жатыр – видео
Ұры ақшаны жинап жатқанда дәмханаға қауіпсіздік фирмасының көлігі келіп үлгерген, олар қаскүнемді полицияға тапсырды.