Қоғам

Қазақстандықтар АҚШ-қа тікелей рейспен ұша алады – заң жобасы мақұлданды

© Sputnik / Сергей Пивоваров / Медиабанкке өтуСамолет Ан-12
Самолет Ан-12 - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Жазылу
Келісімнің негізгі мақсаты – Қазақстан мен Америка арасында тікелей әуе қатынасын ашу үшін құқықтық база құру

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Мәжіліс Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасында Әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, екі ел арасында келісімге 2019 жылы 30 желтоқсанда қол қойылды. Келісімнің негізгі мақсаты – Қазақстан мен Америка арасында тікелей әуе қатынасын ашу үшін құқықтық база құру.

Келісім аясында тараптар әуе компаниялары, пункттер мен рейстер саны бойынша, оның ішінде жолаушылар тасымалы үшін "әуе еркіндігінің" 5 деңгейімен шектеусіз ұша алады.

"Бұл - ел тарихындағы алғашқы "ашық аспан" режиміндегі келісім. Яғни, кез келген отандық әуе компания үшінші елдерге жолаушыларды жеткізу және әкелу құқығымен Қазақстанның кез келген қаласынан Америка Құрама Штаттарының кез келген қаласына жолаушылар тасымалын, сондай-ақ АҚШ пункттері мен АҚШ-тан тыс кез келген пункттер арасында жүк тасымалын орындай алады", - деді Атамқұлов мәжілістің жалпы отырысында.

Әуе рейстерінің санына шектеу қойылмайды.

Заң жобасы Қазақстан тарапынан қосымша бюджеттік шығындар мен міндеттемелерге алып келмейді, деп атап өтті министр.

Мәжіліс заң жобасын бірауыздан мақұлдады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0