17:02 23 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.24
  • RUB6.04
Экономика
Қысқа сілтеме алу
15 0 0

Қазақстанға сапары аясында Башқұртстан басшысы Радий Хабиров президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Башқұртстан астаналары арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мен Башқұртстан басшысы Радий Хабировтың кездесуінде айтылды.

Тараптар Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдету бойынша өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Мамин Қазақстанның Башқұртстанмен сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика, АӨК, өнеркәсіптік кооперация және басқа да салалардағы ынтымақтастығын арттыру үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтті.

2021 жылдың қаңтар-шілде айларында екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,2%-ке өсіп, шамамен 200 миллион долларды құрады.

Сондай-ақ кездесуде Қазақстан мен Башқұртстан астаналары арасында әуе рейсі ашылуы мүмкін екені айтылды.

"Нұр-Сұлтан мен Уфа қалалары арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр", - деп хабарлайды primeminister.kz.

Бұдан бөлек, келіссөз барысында аймақаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Жайық трансшекаралық өзені ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстанға сапары аясында Радий Хабиров президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен, сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевпен кездеседі деп жоспарланған. Сонымен қатар Қазақстан-Башқұртстан іскерлік форумына қатысып, АХҚО және үкіметтің цифрлық офисіне барады.

Оқи отырыңыз: 

Кілт сөздер:
ұшақ, Нұр-Сұлтан, әуе қатынасы
Загрузка...

Басты тақырып