Байқоңыр ауданының төтенше жағдайлар басқармасында өртке қарсы оқу-жаттығулар сабақтардың ауқымдылығымен және жеке құрамның санымен ерекшеленетіні түсіндірілді. Оның ішінде өрт - тактикалық оқу-жаттығуларды өрт сөндіру бөлімдерінің басшылық құрамы, ал оқу-жаттығуларды гарнизондардың басшылары өткізеді.
Жыл басынан бері Байқоңыр ауданында 90 өрт-тактикалық оқу-жаттығуы мен сабақтар өткізілді.
"Магнум" супермаркетінде өткен өртке қарсы сабақтарға 4 бірлік техника мен жеке құрамның 17 адамы жұмылдырылды.
"Бағдарлама аясында тактика және арнайы дайындық бойынша "Магнум" сауда үйінің объектісінде өрт-тактикалық сабақтар өткізілді. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты - жеке құрамды объектімен, сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау, сөндіру жүйесімен таныстыру, сондай-ақ персоналмен өзара іс-қимыл яғни, келушілерді, қызметкерлерді эвакуациялау пысықталуда", - деді өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы Саят Тәжімов.
Сабақ барысында өрт сөндірушілер тоңазытқыш қондырғыларында шартты өртті сөндіруді пысықтады. Сабаққа №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің, сондай-ақ көрші №16 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері келді.
Басқармада сабақтар әр өрт сөндіру бөлімінде айына екі рет күндізгі және түнгі уақытта өткізілетінін атап өтті.