Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда автобус өртенді – видео

© Photo : pixabay.comПожар, иллюстративное фото
Пожар, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Жазылу
№28 автобустың қозғалтқышы орналасқан жерінен өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан — Sputnik. Елордада автобус отқа оранды.

Видео әлеуметтік желіде жарияланды. "Целинный" аялдамасында автобус өртенгені хабарланды.

Төтенше жағдайлар департаменті болған оқиға туралы сағат 18:44-те хабар түскенін айтты.

"Байқоңыр" ауданы Кравцов көшесі, 9А мекенжайында аялдаманың жанында маршруттық автобус өртенді. Оқиға орнына №17 өрт сөндіру бөлімінің жеті қызметкері мен бір техника жетті.

№28 автобустың қозғалтқышы маңынан өрт шыққаны анықталған. Өрт сөндіру бөлімше қызметкерлері келгенге дейін сөндірілді. Төтенше оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтар
0