Қоғам

Күдіктінің ақшасын ұрлаған: Алматы облысында полиция қызметкерлерінің басы дауға қалды

© SputnikПолицейская форма
Полицейская форма - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Жазылу
Қылмыстық іс материалдарында 10 миллион теңгенің тек бір жарым миллионы ғана тәркіленгені көрсетілген

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Қамауға алынған жігіттің туыстары полицейлерді ірі көлемде ақша ұрлағаны үшін айыптады, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Осыдан бір ай бұрын Есік қаласының тұрғыны жалға алған көлігін сатуға шығарған. Сол кезде бір адам хабарласып, өзімен бірге 10 миллион теңгені де алып келген. Бірақ көлік сатушы оған бірнеше рет пышақ сұғып, ақшасын тартып алды. Полицейлер қарақшыны бірден ұстады. Бірақ қылмыстық іс материалдарында бір жарым миллион теңгені ғана тәркіледік деп көрсеткен.

Күдіктінің анасы Жанар Мұқышеваның айтуынша, қалған ақша із-түзсіз жоғалып кетті.

"Менің ұлымды жедел қызметкерлер ұстаған. Олар ғана ақшаның бар екенін және қайда жатқанын білген. Баламды ұстау кезінде кілтті де, картаны да алып қойды. Мен ұлымды ақтайып деп отырған жоқпын. Ақшаның табылғанын қалаймын. Оны жәбір көргендерге қайтаруы керек қой", - дейді Мұқышева.

Ұсталған жігіттің туған-туыстары қонақ үйдегі бейнебақылау камерасының жазбаларын да көрсетті. Нөмірге алдымен бір ер адам кіреді. Артынан тәртіп сақшылары күдіктіні әкеледі. Бірақ ақшаның көп бөлігі болмай қалады.

"Біреу қонақ үйге келеді де, смарт-картамен емін-еркін нөмірге кіреді. Ол жерде 15 минуттай болып, шығып кетеді. Демек, біреу ақшаны ұрлап кеткен. Қонақ үйдің әкімшілігі бір ғана смарт-карта бар дейді. Осының бәрін ескерсек, ақша ұрлауды полиция қызметкерлері ұйымдастыруы мүмкін", - деп атап өтті күдіктің адвокаты Рустем Гаитов.

Күдіктінің смартфоны да жоғалды. Полицияның ішкі қауіпсіздік қызметі тергеу шараларын бастады. Ал қарақшылық жасаған 21 жастағы жігіт 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Оның туған-туыстары ұрланған ақша табылса, жазаны жеңілдетуге болады деп отыр. Олар тәртіп сақшыларының да жазаға тартылуын қалайды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0