Денсаулық

Қазақстанда тағы 26 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

© AFP 2024 / PHILIPPE LOPEZВрач накрывает простыней тело пациента, погибшего от коронавируса в больнице
Врач накрывает простыней тело пациента, погибшего от коронавируса в больнице  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Жазылу
Коронавирус инфекциясынан 32,6 мың адам емделуде, оның ішінде 6,6 мың пациент стационарда жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 24 адам, вирустық пневмониядан 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте барлығы 1 058 адамнан коронавирус табылды, 195 қазақстандық ковидтік пневмонияға шалдықты.

17 қарашадағы мәлімет бойынша, 32 622 адам коронавирус инфекциясынан (–27 882+ және 4 740 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 611 пациент стационарда, 26 011 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында:

  • 504 адамның жағдайы ауыр,
  • 130 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 86 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: 

Цой ақылы вакцинация қашан басталатынын айтты

Вакцина алмаған балаларды сауда орталықтарына кіргізбеуі мүмкін бе

Қайта вакциналау туралы не білу керек

Жаңалықтар
0