Денсаулық

Цой ақылы вакцинация қашан басталатынын айтты

© AFP 2024 / SONNY TUMBELAKAМедик в защитном костюме набирает в шприц вакцину от коронавируса
Медик в защитном костюме набирает в шприц вакцину от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Қазақстандықтар үшін Pfizer вакцинасы қанша тұратыны әзірге белгісіз. Министрдің айтуынша, оның құнын бәсекелі орта анықтайды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы түрде қашан салдыра алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, ақылы вакцинаны жеткізу жұмысы жыл соңына дейін жүргізіледі.

"Маңызды шешім қабылданды. Үкімет Pfizer-ді коммерциялық сегментке жіберуді қолдады. Қазір механизм пысықталып, орын анықталып жатыр. Біз препаратты коммерциялық сегментте пайдалану үшін елдің бүкіл өңірін вакцинамен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз", - деді Цой үкімет кулуарында.

Ол ақылы вакцинаны шетелге шығуды жоспарлап жүргендер салдыра алатынын атап өтті.

Қазақстандықтар үшін Pfizer вакцинасы қанша тұратыны әзірге белгісіз. Министрдің айтуынша, оның құнын бәсекелі орта анықтайды.

"Осы жылдың соңына дейін вакцина айналымға түсуі керек деп жоспарлап отырмыз. Өңірлерге жеткізу, оның тетіктері, орнын анықтаймыз. Вакцинаны сақтау талаптары өте маңызды. Препарат вакцинациямен айналысып жатқан, мұздатқыштары, белгілі бір талаптары бар нысандарға жеткізілетін шығар", - деп нақтылады Цой.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Pfizer вакцинасының бағасын жария ете алмайтынын, өйткені бұл коммерциялық құпия екенін айтты.

Министр Pfizer Қазақстанға әр апта сайын жеткізілетініне сендірді.

Бұған дейін үкімет отырысында Алексей Цой қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақша төлеп салдыра алатынын мәлімдеді. Ақылы вакцинацияны премьер-министр Асқар Мамин де қолдады.

Жуырда Қазақстанға Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы жеткізілді. Екінші партия 20 қарашаға дейін жеткізіледі. Қазір 7 өңірде – Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында Pfizer-мен вакциналау басталды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0