Экономика

Тоқаев: Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мен Ресей үшін мегажобаға айналды

© Photo : КТК КТК – трубопроводный нефтепровод Тенгиз–Новороссийск, действующий на территории Казахстана и России
 КТК – трубопроводный нефтепровод Тенгиз–Новороссийск, действующий на территории Казахстана и России - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
20 жыл ішінде Каспий құбыр консорциумы мұнай құбыры арқылы әлемдік нарыққа 750 миллион тоннадан астам Қазақстан мұнайы экспортталды

АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий құбыр консорциумына (КҚК) қатысушыларының отырысына қатысты. Жиын акционерлердің шартқа қол қойғанына 25 жыл толуына арналды.

Тоқаев КҚК жобасының өзі үшін ерекше маңызы бар екенін айтты, себебі президент оның құрылысы мен іске қосылуына қатысқан.

© PhotoФото. Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен КҚК-ның алғашқы тасын қалау рәсімі, 1999 жыл.
Тоқаев: Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мен Ресей үшін мегажобаға айналды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Фото. Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен КҚК-ның алғашқы тасын қалау рәсімі, 1999 жыл.

"Вагит Юсуфович Алекперов (ЛУКОЙЛ Ресей мұнай компаниясының президенті – Sputnik) де қатысты. Ол жақында маған қазіргіге қарағанда басқаша болғанымызды көрсететін фото берді. Қалай болса да осы жобаны іске қосудың ашылу рәсімі қалай өткені есімізде", - деп әзілдеді Тоқаев отырыста.

Қазақстан президенті жобаның іске асырылуы Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған секілді ірі кен орындарын игеруге серпін бергенін айтты. Осы кен орындары қазір елдегі мұнай өндірісінің 60%-ін қамтып отыр. Консорциум Қазақстан мен Ресейдің, сондай-ақ Chevron, Eni, ЛУКОЙЛ, Shell және басқа жетекші мұнай компаниялары қатысатын ірі халықаралық мұнай тасымалдау жобасына айналды.

"Қазақстан мен Ресей басшыларының оның барлық қатысушылары арасында ымыраға қол жеткізу үшін көп күш-жігерін жұмсаған көп жылғы келіссөзі есімізде", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қазір КҚК барлық акционердің үйлесімді жұмысы нәтижесінде үлгі болып отыр. 2001 жылдан бастап КҚК мұнай құбыры арқылы әлемдік нарыққа 750 миллион тоннадан астам Қазақстан мұнайы экспортталды. Оның өткізу қабілеті 2,5 есеге, жылына 67 миллион тоннаға дейін өсті.

"2023 жылға қарай бұл көрсеткішті 80 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Өткен жылы КҚК өзінің қаржылық тұрақтылығын растап, акционерлерге қарызын төледі", - деді Қазақстан басшысы.

Тұтастай алғанда консорциум елдің экономикалық дамуына және азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып, Қазақстанның мұнай-газ кешенінің негізгі элементі болып отыр.

"Әсіре сілтемей-ақ КҚК – мегажоба, оның болашағы зор деп үміттенемін", - деп түйіндеді Тоқаев.

КҚК – Қазақстан мен Ресей аумағында жұмыс істейтін Теңіз – Новороссийск құбыр желісі. Оның ұзындығы 1,5 мың шақырым. Мұнай құбыры арқылы Қазақстанның барлық экспорт мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ Ресей кен орындарынан шикізат, оның ішінде Каспийде орналасқан кен орындарынан шикізат тасымалданады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Ресей мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асырады

 

Жаңалықтар
0