04:11 01 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.16
  • EUR493.29
  • RUB5.81
Саясат
Қысқа сілтеме алу
31 0 0

Тараптар отын-энергетика секторындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин РФ үкіметі төрағасының орынбасарлары Александр Новак пен Алексей Оверчук бастаған делегацияны қабылдады.

Тараптар отын-энергетика секторындағы — жер қойнауын пайдалану, мұнай және газ, электр энергетикасы салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлады Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі.

Казахстан и Россия намерены совместно реализовать проекты в нефтегазохимии
Қазақстан мен Ресей мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды көздеп отыр

Сутегі энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективаларына, Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыруға ресейлік компаниялардың қатысуы мәселесіне ерекше назар аударылды.

Ресейден Қазақстанға дизель отынын жеткізу, Ресей көмірсутектерінің Қазақстан аумағы арқылы тасымалдануы және тағы басқа мәселелер қаралды. Мұнай-газ химиясы саласында –полипропилен, полиэтилен, бутадиен және оның туындыларын өндіру бойынша бірлескен жобаларды іске асыру барысы талқыланды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев жанар май қорының азаюына жол берген ведомстволардың жұмысын сынға алды 

"Самұрық-Қазына" АҚ мен "ҚазМұнайГаз" ҰК» АҚ "СИБУР Холдинг" ЖАҚ-пен бірлесіп, Атырау қаласындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің базасында 2022 жылдың басында жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін бірлескен кәсіпорын ашуды жоспарлауда.

Тараптар жылына 1,25 миллион тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысының бірлескен жобасын іске асыру мәселесін қарастырып жатыр.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ "Татнефть" ЖАҚ-пен бірлесіп, битум модификациясында қолданылатын бутадиен каучуктерін өндіру, адгезивтер, желімдер, резеңкелер және экологиялық таза шиналар дайындау бойынша бірлескен жобаны іске асыруда. Жобаны іске асыру мерзімі – 2021-2025 жылдар, өндіріс қуаты – жылына 186 мың тонна бутадиен каучуктері мен 170 мың тонна изобутан.

Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы стратегиялық өзара іс-қимылдың барлық бағыты бойынша одан әрі сындарлы келіссөздер жүргізуге әзірлігін растады.

Кілт сөздер:
Асқар Мамин, мұнай, газ
Загрузка...

Басты тақырып