Саясат

Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясының басшысы Қазақстанға келді

© Sputnik / Абзал КалиевПриспущенный флаг в День национального траура, Акорда
Приспущенный флаг в День национального траура, Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Рик Демс Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды құптап, еліміздің Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативтік хаттамасына қол қойғанын ерекше атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясының төрағасы Рик Демсті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа кеңесі арасындағы ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері, оның ішінде Ауғанстандағы ахуал сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Рик Демске ілтипат білдіре отырып, оның сапары атаулы дата – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келгенін атап өтті.

"Сіздің сапарыңызды дәл уақытында жасалды деп санаймын. Өйткені ол бізге қол жеткізген жетістіктерімізді қорытындылауға және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын пысықтауға мүмкіндік береді", – деді Президент.

Мемлекет басшысы Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясымен жан-жақты диалогты жалғастырудың маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Рик Демске адам құқықтары мен заң үстемдігін нығайтуға және жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған Қазақстандағы демократиялық реформалардың жүзеге асырылуы жөнінде айтты.

Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясының төрағасы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды құптап, еліміздің Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативтік хаттамасына қол қойғанын ерекше атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0