Өңірлер

"Қатты қорықтым": түнде оянып кеткен павлодарлық үйінде біреу жүргенін көрген

© Photo : ming daiЧеловек открывает дверь
Человек открывает дверь - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Жазылу
Түн жарымында туысының үйінің терезесін сындырып кірген ер адамға айыппұл салынды 

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Павлодар қаласында мас ер адам туысының үйіне терезені сындырып кірген. Сол үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, полицияға Қамзин көшесінде тұратын әйел хабарласқан. Ол түнгі сағат 22.00-дің шамасында ұйықтап қалғанын, ал 00.40-та сынған терезенің дыбысынан оянып кеткенін жеткізген. Үйге бөтен біреу кіргендей болыпты.

"Телефонымды алып, бөлмеден шығамын деп ойладым. Бір кезде біреудің дауысы естілді. Мен қорқып кеттім. Содан полицияға қоңырау шалдым", - дейді үй иесі.

Полицейлер келгенде есікті ер адам ашты. Тәртіп сақшыларының дауысын естіген әйел де тығылып жатқан бөлмесінен шыққан. Ер адам оның туысы екені анықталды. Ол күндіз қалаға келген, бірақ үй иесін ескертуді ұмытып кетіпті. Артынан достарын кездестіріп, ішімдік ішкен. Телефонын да, кілтін де жоғалтып алған. Түнде туысының үйіне келіп, есікті аша алмаған. Содан пәтердің терезесін сындырып, үйге кірген.

Тәртіп сақшылары ер адаммен профилактикалық әңгіме жүргізіп, оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама рәсімдеді. Бұл бап бойынша 5-20 айлық есептік көрсеткіш (14 585 – 29 170 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0