Өңірлер

Түркістан облысында Ресей нөмірімен жүрген ондаған көлік айып тұрағына қойылды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуРоссийские автономера
Российские автономера  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Жазылу
Полицейлер Ресей нөмірін таққан 190 көліктің иесіне әкімшілік хаттама толтырды. Соның ішінде 35 көлік құралы айып тұрағына қойылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Түркістан облысында Ресей нөмірін таққан жүздеген көліктің иесіне айыппұл салынды, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері Шардара ауданының полициясы Ресей нөмірімен жүрген 190 көліктің иесіне әкімшілік хаттама толтырды. Соның ішінде 35 көлік құралы айып тұрағына қойылды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары заң бойынша шетел көлігін пайдалану тәртібін де түсіндіріп отырады.

"Мәселен, Қазақстанның заңнамасы бойынша Ресейден әкелінген автокөліктің құжатын рәсімдеу үшін автокөлікпен тіркелген мекенжайға барып, техникалық байқаудан өту керек. Міндетті техникалық байқаудан электронды түрде өткені туралы құжаттар жарамайды", - дейді полицейлер.

Ал көлік құралының тиісті құжаты болмаса, Әкімішілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік шара қолданылады. Көлік жүргізушісіне 10 айлық есептік көрсеткіш (29 170 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Бүгінде Түркістан облысында жүрген 12 мыңнан астам көлік Ресейдің өзінде тіркеуде тұрған жоқ. Жыл басынан бері облыста ондай көліктер 150 жол апатына себепші болған. Жол ережесін бұзу оқиғалары 50 мыңға жуықтаған.

Айта кетері, қазіргі кезде әрбір облыста Ресей нөмірін таққан көліктер мәселесін түсіндіруге арналған байланыс орталықтары ашылған. Түркістан облысында  +7 725 33 5 85 16 нөміріне таңғы 9:00-ден кешкі 23:00-ге дейін хабарласуға болады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0