Қоғам

Географиялық диктантқа 700-ден астам қазақстандық қатысты

© Photo : пресс-служба РОО "QazaqGeography"Международная акция "Географически диктант"
Международная акция Географически диктант - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Жазылу
Науқанның мақсаты – географиядан білім деңгейін көтеру, насихаттау және қоғамның географияға деген қызығушылығын арттыру

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Қазақстанда үшінші рет "Географиялық диктант" халықаралық ағартушылық акциясы өтті. Биыл онлайн және оффлайн форматында 700-ден астам қазақстандық қатысты.

Геодиктантқа Нұрсұлтан, Алматы, Степногорск, Петропавл және алғаш рет Өскемен, Тараз, Теміртау тұрғындары қосылды.

Теміртау қаласының 11 сынып оқушысы Екатерина Шушпанова елордаға оффлайн географиялық диктантқа қатысу үшін арнайы келген.

"Мен бұл акция туралы алғаш естігенімде, өз білімімді тексеру үшін қатысқым келді. Мен географияға, әсіресе әлем географиясына қызығамын, сонымен қатар экология да ұнайды. Менің ойымша, әр адам географияны білуі керек, өйткені бұл оны дамытады, эрудициясын арттырады. Ал географиялық диктант дәл осы мүмкіндіктерді береді", – деп санайды Екатерина.

© Photo : пресс-служба РОО "QazaqGeography"Географиялық диктантқа 700-ден аса қазақстандық қатысты
Географиялық диктантқа 700-ден астам қазақстандық қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Географиялық диктантқа 700-ден аса қазақстандық қатысты

Науқанның мақсаты – географиядан білім деңгейін көтеру, насихаттау және қоғамның географияға деген қызығушылығын арттыру. Диктанттың әр
нұсқасында екіге бөлінген 40 сұрақтан болды. Базалық деңгейдің бірінші бөлігінде "географиялық ликбез" деп аталатын 10 сұрақ дайындалды. Бұл
деңгейдегі тапсырмалар география жайлы белгілі фактілер негізінде жасалған.

Екінші бөлім (30 сұрақ) бейнелі ойлауды, жүйелік логика мен эрудицияны қолдануды талап етеді. Науқанның бастамашысы – "Орыс Географиялық Қоғамы" Бүкілресейлік қоғамдық ұйымы. Алты жыл ішінде диктантқа 1,8 миллионға жуық адам қатысқан. Акция 2019 жылдан бастап елімізде "QazaqGeography" республикалық қоғамдық бірлестігі мен Нұр-Сұлтан қаласындағы Орыс үйі қолдауымен өтуде.

© Photo : пресс-служба РОО "QazaqGeography"Географиялық диктант-2021 нәтижесі 6 желтоқсаннан бастап dictant.rgo.ru. сайтынан біле аласыздар.
Географиялық диктантқа 700-ден астам қазақстандық қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Географиялық диктант-2021 нәтижесі 6 желтоқсаннан бастап dictant.rgo.ru. сайтынан біле аласыздар.

"Жыл сайын геодиктантқа қызығушылардың да, қатысушылардың да саны артып келеді. Диктантқа қатысушылар алғашында "екі" деген баға аламыз
деп қобалжыса, бір қатысқаннан кейін батыл болып, "өте жақсы" бағасын алуға тырысады. Себебі олар география мен тарихты зерттеуге кіріседі. Сондықтан географиялық диктанттың пайдасын асыра бағалау өте қиын", – дейді Нұр-Сұлтан қаласы Орыс үйі мәдени және білім беру бағдарламалары бөлімінің директоры Ольга Скальчук.

"Географиялық диктант өткізу идеясы қоғам қолдауына ие болғанына, әрі қызығушылығы бір әртүрлі жастағы адамдарды біріктіре алғанына
қуаныштымын. Сондай-ақ геодиктант Қазақстан мен Ресейді шын жүректен жақсы көретін, екі елдің тарихы мен өзіндік дәстүріне қызығатын, біздің бірегей табиғи-мәдени мұрамызды сақтауға ынталы әрі жауапкершілікті сезінетін жандардың басын біріктірді. Біз алдағы уақытта халық арасында Қазақстан географиясын танытуға арналған жергілікті географиялық диктант өткізгіміз келеді", – деп атап өтті "QazaqGeography" РҚБ басқарма төрағасының кеңесшісі Артур Абубакиров.

Географиялық диктант-2021 нәтижесі 6 желтоқсаннан бастап dictant.rgo.ru. сайтынан біле аласыздар.

"QazaqGeography" – бұл Қазақстанның бай табиғаты мен өзіндік мәдениетін зерделеуге, тарихи-мәдени мұрасын сақтап, ұрпаққа аманаттауды мақсат еткен азаматтардың ерікті географиялық қауымдастығы.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0