НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Әлем әдебиетінің ұлы классигі Федор Достоевскийдің туғанына тура 200 жыл толды. Нұр-Сұлтанда жазушының туған күніне орай оған арналған көрме ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Станьте солнцем - и вас увидят" көрмесіне бірегей экспозициялар, қазіргі заманғы суретшілердің әртүрлі стильде салған көптеген портреті қойылды.
"Биылғы жыл – Федор Михайлович Достоевскийдің 200 жылдығы тойланатын жыл – біз қазақстандықтардың үлкен қолдауын сезіп отырмыз. Қай қалада мерейтойлық іс-шаралар өткізсек те, әрқашан қызығушылық танытып жатады. Жазушының туған күнінде Орыс үйі командасы осы жылы қолға алған барлық жобаны біріктіруді ұйғардық", - деді Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің мәдени-ағарту жобаларының жетекшісі Ольга Скальчук.
Көрмеге келушілер экспозицияларды тамашалап қана қоймай, "Достоевский бояуына" қатыса алады – жазушы мен оның кейіпкерлерінің костюмдерін бояйды. Осылайша, ұйымдастырушылардың айтуынша, келушілер Достоевскийдің әдет-дағдысы мен оның кейіпкерлерінің киім киюдегі талғамымен танысады.
Сондай-ақ көрменің бұл элементі жазушының шығармашылығына біршама еркін қарауға мүмкіндік береді.
Айтпақшы, жазушы өмірінің бірнеше жылын Қазақстанда өткізген. Достоевский Омбыдағы төрт жыл ауыр еңбектен кейін Семейде айдауда болды. Ол жерде әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар келетін Федор Достоевскийдің музейі бар.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапырмасымен болашақ классик бес жыл төрт ай өмір сүріп, еңбек еткен Семейде мерекелік іс-шаралар өтеді.