НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша – Sputnik. 14 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Соған сәйкес Алматы мен Шымкент қалаларының "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа ойысқанын байқауға болады.
"Қызыл" аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта : Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары.
"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.