Оқиға

Ақтау мектептеріне жарылғыш зат қойылды деген адам іздестіріліп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2021
Жазылу
Жергілікті басылымының ақпаратына сәйкес, қала тұрғыны сенбі, 13 қарашада белгісіз адамнан осындай хабарлама алған

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша — Sputnik. Желіде Ақтаудағы бірнеше мектепте жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарады.

Жергілікті "Лада" басылымының ақпаратына сәйкес, қала тұрғыны сенбі, 13 қарашада белгісіз адамнан осындай хабарлама алған. 

Кейін автор ақпаратты өшіріп тастады. Ер адам скриншот жасап үлгерді. Хабарламада бірнеше мектепке жарылыс зат қойылғаны айтылған. 

"Ақпарат үшін 2 миллион теңге талап етемін", - деп жазылған.

Өңірдің полиция департаменті бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. Құқық қорғаушылар оқу орындарын тексеріп, жарылғыш зат анықтамаған. Тәртіп сақшылары ақпарат авторын іздестіріп жатыр. 

Қалалық әкімдік те бұл фейк ақпарат екенін растады. Мектептер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0