Өңірлер

Ақтауда 15 миллионға "егілген" пластик гүлдер құлап жатыр - видео

© Photo : Интернет-ресурс lada.kzАқтаудағы пластик гүлдер алаңы
Ақтаудағы пластик гүлдер алаңы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Жазылу
Әлеуметтік желі қолданушылары алаңның жұмысына сапасыз материалдар пайдаланылғанын жазды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде "Гүлдер алаңының" сапасыз жасалғанын айтып, шағымдануда.

Пластик гүлдердің біразы құлап жатыр. Ал газондағы электр желілері ашық күйінде қалған, деп хабарлады Лада.

Туристерді тарту мақсатында пластиктен жасалған  "Гүлдер алаңына" бюджеттің 15 миллион теңгесі жұмсалған. Тұрғындар желіде мұншалықты қаржыға пластик гүлдің "егілгеніне" наразылықтарын білдірген. Желі қолданушылары алаңның жұмысына сапасыз материалдар пайдаланылғанын жазды.

"Лада" басылымының хабарлауынша, кейбір жерде гүл түптері құлап қалған. Ал жасанды газонның өзі қисық орнатылған.

Инсталляцияның электр желілері оқшауландырылмаған. Видеода оның газон үстінде жатқаныны байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, "Ынтымақ" алаңындағы газон орнына бюджеттің 15 404 000 теңгесіне пластиктен жасалған "Гүлдер алаңы" орнатылған болатын. Әкімдіктің хабарлауынша, декоративті жарықтандыруды Clover media group ЖШС жүргізген. Олармен келісімшарт 16 қыркүйекте жасалған.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0