НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Бірнеше күн бұрын осы тұрғын үй қасбетінің біршама бөлігі сыпырылып түскен болатын. Қауіпті қаптаманың құлауы тағы да жалғасып, тұрғындарды үрей құшағында қалдырды, деп хабарлайды өңірлік "Лада" сайты.
Алғашқы құлаудан кейін қала әкімдігі тарапынан қаптаманың қалған бөлігі алынатыны айтылғанымен, әлі ешқандай ауқымды әрекет жасалмаған. Дегенмен, газ құбыры жедел қалпына келтіріліп, 25 мамырда іске қосылған еді.
Алайда, қатты жел салдарынан ғимараттың қасбеті кеше тағы құлаған. Нәтижесінде газ құбырына тағы да зақым келді. Әрине, мұндай жағдайдан соң газ беру тоқтатылатыны сөзсіз.
Бүгін, 26 мамырда шенеуніктер үй тұрғындарымен кездесу өткізді.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, тұрғын үй 2011 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында салынып, пайдалануға берілген.