Өңірлер

Бүтін бір отбасы көз жұмды: көлік жүргізушісіне сот үкімі шықты

© Photo : Pixabay / Alexas_Fotos Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Жазылу
"Богдан 2110" жүргізушісі басқа көліктерді басып озамын деп қарсы бетке шығып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатына себепші болған автокөлік жүргізушісі бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол апаты 2021 жылдың 7 сәуірінде түскі екілер шамасында Атбасар-Көкшетау тас жолының 177 шақырымында Борисовка ауылы маңында болған еді. "Богдан 2110" автокөлігінің жүргізушісі басқа көліктерді басып озамын деп қарсы бетке шығып кеткен.

Салдарынан үш автокөлік соқтығысты. Оқиға орнында бір отбасының үш мүшесі – Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі және екі жолаушы қаза тапты.

Gaz 330252-0244 жолаушысының денсаулығына орташа зақым келді. Материалдар сотқа тапсырылды.

"Атбасар аудандық сотының үкімімен "Богдан 2110" маркалы автокөлігінің жүргізушісі Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы "Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша кінәлі деп танылды. Ол көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырыла отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп мәлімдеді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Жүргізуші жазасын қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0