Өңірлер

Мамин Жамбыл облысында жарылыстан зардап шеккен тұрғындармен кездесті

© Photo : пресс-служба премьер-министраАскар Мамин посетил биофармацевтический завод
Аскар Мамин посетил биофармацевтический завод - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Жазылу
Үкімет басшысы отандық вакцина өндірісімен айналысатын биофармацевтика зауытында да болды

АЛМАТЫ, 11 қараша – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, өңірдегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді.

Вакцина шығаратын зауытқа барды

Жұмыс сапары кезінде Үкімет басшысы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытында болды. Дәл осы жерде коронавирусқа қарсы отандық QazVac вакцинасы шығарылады.

Мұнда жыл сайын 60 миллион дозаға дейін вакцина шығару жоспарланып отыр.

"Премьер-министр BSL-3 стандартындағы субстанциялар өндіретін зауыттың өндірістік қуатын дамыту жобалары, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институтының тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымымен танысты", - деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.

© Photo : пресс-служба премьер-министраПремьер-министр Асқар Мамин мен денсаулық сақтау министрі Алексей Цой
Мамин Жамбыл облысында жарылыстан зардап шеккен тұрғындармен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Премьер-министр Асқар Мамин мен денсаулық сақтау министрі Алексей Цой

Сондай-ақ Үкімет басшысы Тараз қаласында медициналық бұйымдар шығаратын "Әмір және Д" ЖШС-да болды.

Биыл қазанда кәсіпорын COVID-19 антигенін анықтайтын экспресс-тесттер шығара бастады. Мұнда инфекциялық ауруларды, кардиологиялық маркерлерді, есірткі заттарын, аллергендерді диагностикалау үшін 200-ден астам экспресс-тест атауын шығару жоспарланып отыр. Өндірістік қуаты жылына 15 миллион экспресс-тест пен 1,5 миллион бақылау ерітіндісін құрайды.

Жамбылдағы жарылыстан кейінгі жұмыспен танысты

Асқар Маминге Байзақ ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округінің Қайнар ауылында биыл 26 тамызда оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қираған барлық тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарының аяқталғаны туралы баяндалды.
Премьер-министр зақымдалған үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Облыстағы инвестициялық жобалар

Үкімет басшысы Байзақ ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің астық жинау науқанының қорытындысымен танысып, "Жамбыл" көтерме-тарату орталығына, әлеуметтік азық-түлік дүкеніне барып, Жамбыл облысында шығарылатын азық-түлік өнімдерінің көрмесін аралады.

Үкімет басшысына өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндалды.

Шу ауданындағы "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағын аралау барысында Үкімет басшысына химия және азық-түлік өнеркәсібіндегі жалпы сомасы 143,3 миллиард теңге болатын перспективалы инвестициялық жобалар таныстырылды.

Қуаты жылына 25 мың тонна натрий цианидін өндіру жөніндегі жобаны 2023 жылдың соңына дейін аяқтау көзделген. Кәсіпорын өнімі Қазақстанның ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етеді, сондай-ақ Орталық Азия мен ЕАЭО елдеріне экспортталады.

Қазақстанның ауылшаруашылық өнеркәсіптік кешені саласындағы ірі жобаларының бірі – жылына 148,8 мың тонна ақ қант шығаратын қант зауытының салынуы. Оны 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Жоба толығымен өз шикізатымен қамтамасыз етіледі.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0