Қоғам

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу ережесі өзгерді

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, монеты
Деньги, тенге, купюры, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2021
Жазылу
Енді жәрдемақы алушы, сондай-ақ күтім жасайтын адам қайтыс болған жағдайда, жәрдемақы төлеу кезінде қайтыс болған ай қоса есептеледі

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша –  Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылдың 27 қазанындағы бұйрығымен Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Құжат 2021 жылдың 2 қарашасынан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжат 6-1 тармақшамен толықтырылды, оған сәйкес бірінші топтағы мүгедекке тікелей күтім жасайтын жеке тұлға да онымен туыстық байланысына қарамастан қамқоршы болып танылады.

Жәрдемақы заңнамада белгіленген мөлшерде осы айға және оны алу құқығы туындаған күннен бастап жәрдемақы тағайындау шарттары сақталған кезең үшін ай сайын төленеді.   

Енді заңның 1-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес, жәрдемақы алушы, сондай-ақ күтім жасайтын адам қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айға да төленеді. 

Жәрдемақы алушы, сондай-ақ күтім жасайтын адам елден кеткен жағдайда да кеткен айға қоса жәрдемақы төленеді.

Егер күтім жасайтын адам ауысса, жәрдемақы ауысқан күнге дейін төленеді.

Жәрдемақы алу үшін"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға өтініш жазып, мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды қоса беру қажет.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізілді – ол кімге төленеді 

Мүгедектікті бастапқы анықтау кезінде мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау туралы өтініш беру қажет, оны күтім жасауға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша медициналық әлеуметтік сараптама бөлімшесінде жасай алады.

Құжат тапсыру кезінде өтініш берушіге тиісті құжаттардың мемлекеттік корпорацияда қабылданғанын растайтын түбіртек, тіркеу күні мен мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні көрсетілген өтініштің үзік талоны беріледі.

Бұл ретте проактивті қызмет арқылы жәрдемақы тағайындау кезінде "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы тағайындау туралы өтініш беру талап етілмейді.

Бұл адамдарға жәрдемақы тағайындау үшін порталда ұялы телефон нөмірін тіркеу жеткілікті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Е-макет" ақпарат жүйесі арқылы телефон нөміріне жәрдемақы тағайындау және тілді таңдау мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі.  

Проактивті қызмет көрсетуге келісім алғаннан кейін телефон нөміріне банк шотының нөмірін растайтын немесе ұсынатын хабарлама жолданады.

Проактивті қызмет арқылы жәрдемақыны тағайындауға өтініш берген күн жәрдемақыны тағайындауға келісім берген күн болып саналады.  

Оқи отырыңыз: Алты ай төлемақы алуға болады: жұмыссыз қалғанда қайда жүгіну керек 

Жәрдемақы алушыдан оған sms-хабарлама жіберілген күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде жауап болмаса, проактивті қызмет көрсету процесі аяқталады.

Әрекет етуге қабілетсіз, әрекет ету қабілеті шектеулі жандарға немесе қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдарға жәрдемақы тағайындау үшін олардың заңды өкілдері өтініш пен қажетті құжаттарды тапсырады.

Үшінші тұлғалар арқылы жәрдемақы тағайындауға өтініш сенімхат арқылы беріледі.

Жаңалықтар
0