Қоғам

Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізілді – ол кімге төленеді

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, теңге, тиын
Ақша, теңге, тиын - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2021
Жазылу
Мүгедектік себебіне қарамастан төленетін жәрдемақының мөлшері биыл 48 мың теңгеден асады

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Қазақстанда мүгедектік себебіне қарамастан I топтағы мүгедекке күтім көрсететіндерге жаңа жәрдемақы төленеді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

"Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына сәйкес, Қазақстанда мүгедектік себебіне қарамастан, I топ мүгедегіне күтім жасайтын адамдарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде (2021 жылы – 48 023 теңге) жәрдемақы енгізілді.

Мүгедектік бойынша жәрдемақыны кімдер алады

I топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдар осы жәрдемақыны алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне өтініш беруі керек. Өтінішпен бірге мынадай құжаттар қоса тапсырылады:

  • жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, қандас куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат);
  • I топтағы мүгедекке қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат (ондай дерек болған жағдайда);
  • күтімге мұқтаж адамның мүгедектігі туралы анықтама;
  • жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат, сәйкестендіру үшін қажет;
  • психикалық денсаулық орталығында есепте тұрмайтыны туралы анықтама.

Бұдан басқа, күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның іс-әрекетке қабілеттілігі туралы мәліметтер жеке басын куәландыратын құжат бойынша әділет министрлігінің "Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесінде тексеріледі.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0