Қоғам

Қазақстанда 2022 жылдан бастап қандай жәрдемақының мөлшері өседі

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап өседі

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап арттыру туралы" үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

Оған сәйкес, келесі жылдан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылуға байланысты төленетін әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi 5%-ке өседі.

"2022 жылдың 1 қаңтарына дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен бес пайызға арттырылсын", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.

Қаулыны 2022 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгiзу жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: Үкімет зейнетақы мен жәрдемақыға қатысты заң жобасын мақұлдады  

Құжатты қоғамдық талқылау мерзімі 13 қыркүйекке дейін созылады.

Жаңалықтар
0