"Мызғымас бауырластық – 2021" оқу-жаттығуы: ҰҚШҰ алты елінің әскері күш біріктірді

© Пресс-служба МИД РФ / Медиабанкке өтуФлаги стран-участниц ОДКБ
Флаги стран-участниц ОДКБ - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2021
Жазылу
ҰҚШҰ алты мемлекетінің әскери контингенті Татарстанда "ауған бағыты" бойынша бітімгершілік операциясын пысықтап жатыр. Алайда қажеттілік туындаған жағдайда, күш пен құралдарды Ұйымның жауапкершілік аймағындағы кез келген әскери іс-қимыл театрына бағыттауға болады

8-12 қарашада Қазан жоғары танк командалық училищесінің полигонында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскери бөлімдерінің қатысуымен ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2021" бірлескен оқу-жаттығуы өтуде. Әскери маневрлерге жалпы саны 1800 әскери қызметкер мен 300 әскери техника тартылған. Оның ішінде Су-34 бомбалаушы ұшақтары, Ми-24, Ми-8 МТВ5 соққы жасаушы және десанттық тікұшақтары, арнайы жасақ күштері мен құралдары, байланыс жасақтары, радиоэлектронды шабуылға қарсы күрес топтары бар.

Орталық әскери округ (РФ) қолбасшысы Александр Лапинның жетекшілігімен көпұлтты әскер Ауғанстандағы тұрақсыз ахуалды ескеру және Сібір мен Таулы Қарабақтағы ресейлік тәжірибені қолдану арқылы бірлескен бітімгершілік операцияларды жүзеге асырып жатыр. Бірлескен ұрыс қимылдарын ұйымдастыру және алты мемлекеттің аумағындағы бейбіт тұрғындарды қорғау үшін біртұтас басқару жүйесі бар әр текті күштер тобы жедел құрылуда.

Кабулдағы теракт, Багландағы қақтығыс: биліктегі тәлібтер* қауқарсыз ба

ҰҚШҰ бітімгершілік күштері бақылау-өткізу пунктеріндегі, босқындар лагеріндегі, гуманитарлық жүк тиелген көлік бағаналарын сүйемелдеу, содырлар басып алған ғимаратқа басып кіру және кепілге алынғандарды босату бойынша іс-қимылдарды жүйелі түрде пысықтап жатыр. Маневрлердің белсенді кезеңі 11-12 қазанда өтеді және террористер басып алған елді мекенді қоршауға алу және шартты қарсыластың көзін жою бойынша тактикалық іс-қимылмен аяқталады.

Қазан полигонында ҰҚШҰ күштері ұжымдық қауіпсіздіктің барлық өңірінде – Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропа елдеріндегі қауіп-қатерге қатысты жедел әрекет етудің әмбебап алгоритмдерін әзірлеуде.

Оқу-жаттығу кезінде десант пен тікұшақтарға басымдық беріліп жатыр. Соққы жасаушы Ми-24 тікұшақтарының қолдауымен көпмақсатты Ми-8 әуе көліктері парашютсіз десанттауды қамтамасыз етіп жатыр. Сонымен қатар марш кезінде гуманитарлық көлік легін қорғауды пысықтап жатыр.

Путин мен Джонсон Ауғанстан жайын талқылады

Мұндай тәжірибе Тәжікстанда, оңүстік Кавказда және тіпті шекарасында шиеленіс артып жатқан Беларусьте де қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ бақылау аумағында ішкі тәртіпті ұйымдастыру, халық пен инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіп пен есірткі тасымалын жедел жою, террористер мен экстремистер ықпалының артуына жол бермеуге баса көңіл аударылуда.

Самара облысынан келген Орталық әскери округінің жеке бітімгершілік бөлімшесінің әскери қызметшілері Ресейлік контингенттің негізгі бөлігін құрайды. Ресейлік мамандар алғаш рет ҰҚШҰ-ның басқа елдеріндегі әріптестеріне Қарабақ тәжірибесі негізінде бітімгершілік күштерінің бақылау-өткізу пунктінің жұмысын ұйымдастырумен бөлісіп, сондай-ақ "Стрелец СВ" командалық пункттерін қорғаудың жаңа техникалық құралдарын, пилотсыз ұшатын аппараттарға қарсы тұратын "Гарпун-3" кешенін таныстырды.

ҰҚШҰ жауапкершілік аумағында әскери-саяси ахуал әлі де күрделі болып отыр. АҚШ-тың Еуропадағы ықпалы артып, тату емес елдердің кооалициялық және ұлттық әскери әлеуеті өсіп жатқаны байқалады. Ресей мен Беларусь үшін Еуропадағы америкалық топтың соққы жасау-шабуылдау мүмкіндіктері қауіп төндіруде.

ҰҚШҰ елдері ауған босқындарын өз аумағында орналастыруға қатысты пікір білдірді

Тәжікстанға, ең алдымен, Ауғанстанның солтүстік провинцияларында белсенді және қатарындағы содыр саны 4000-ға жуық "ДАИШ"-тың ауған жеріндегі филиалы – "Уәлаят Хорасан"* қауіп төндіріп отыр. Террористер Тәжікстанмен шекаралас аудандарды бақылауға алуды көздеп отыр. ДАИШ* көшбасшылары Орталық Азияға, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына және Ресейдің кейбір аймақтарына басып кіруді жоққа шығармай отыр.

Сол себепті ҰҚШҰ бір уақытта Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Кавказ бағытындағы қауіп-қатерге тиісті деңгейде жауап қату үшін белсенділікті арттыруға мәжбүр. ҰҚШҰ-ның әскери құрамдас бөлігі жауапкершілік аймағындағы әскери-саяси жағдайды ескере отырып дамып келеді. Ұжымдық жедел орналасу күштері мен Ұжымдық жедел әрекет ету күштері 25 мың әскери қызметкерден тұрады және белгілі бір аудандар мен елдерге қауіп төндіретін ауқымды террористік құрылымдарды жоюға арналған.

* – Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.

Жаңалықтар
0