Өңірлер

Көлік комитетіндегі шенеуніктер ұйымдасқан қылмыстық топты басқарған

© Sputnik / Абзал КалиевЗаседании коллегии агентства по противодействию коррупции по итогам года
Заседании коллегии агентства по противодействию коррупции по итогам года - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2021
Жазылу
Ұйымдасқан қылмыстық топ 2017 жылдан бүгінгі күнге 260 мыңнан астам жалған диагностикалық карта жасаған. Топ мүшелері әрбір құжат үшін 2 мың теңге алған

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Қазақстанда көліктерді техникалық тексерудің жалған диагностикалық карталарын жасаған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Оны көлік комитетінің лауазымды тұлағалары басқарған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.  

Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыстық топ мүшелері алдымен республика бойынша 28 жалған фирма ашқан. Осы фирмалар арқылы жалған диагностикалық карталар жасапты. 

Оқи отырыңыз: Екі қала мен бес өңірде бірнеше шенеунік не үшін ұсталғаны белгілі болды 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен бас көлік прокуратурасы әрбір фирманың мекенжайы бойынша тексеріс жасап шықты. Ол жерде техникалық тексеру орталықтары да болмаған. Арнайы мамандар мен қажетті құрал-жабдықтар жоқ болып шықты.

"Қылмыстық топты көлік комитетіндегі көлікке бақылау жүргізу және мұндай фактілерге жол бермеу міндеттері жүктелген лауазымды тұлғалар басқарған. Ұйымдасқан қылмыстық топ 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге 260 мыңнан астам жалған диагностикалық карта жасап берген", - дейді агенттік мамандары.

Жалған фирмаларда диагностикалық картаны бес минуттың ішінде жасаған. Қылмыстық топ мүшелері әрбір құжат үшін 2 мың теңге алған. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жалған техникалық тексерулерге жол бермеу үшін қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу мәселесін көтермекші.

Жаңалықтар
0