Жерге көлемі үш футбол алаңындай астероид жақындап келеді

© Photo : PixabayАстероид, иллюстративное фото
Астероид, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2021
Жазылу
Ірі астероид астрономдардың назарына сонау 2004 жылы түскен, содан бері ғалымдар оның қозғалысын бақылап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Диаметрі 170-тен 380 метрге дейін жететін 2004 UE астероиды қараша айының ортасында Жерге жақын ұшып өтеді, деп хабарлады НАСА бөлімшелерінің бірінің сайты.

Қауіпті астероид 13 қарашада Жерге барынша жақындайды. Америка агенттігінің бағалауынша астероид біздің планетамыздан 4 миллион шақырымнан астам қашықтықта ұшып өтеді.

2004 UE астероиды – ұшу траекториясы Жер орбитасымен қиылысатын ықтимал қауіпті астероидтар –  "Аполлон" тобына кіреді, деп жазды РИА Новости.

Астероид алғаш рет ғалымдардың назарына 2004 жылы іліккен. Келесі жолы астероид Жерге 2051 жылы жақындайды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0