Өңірлер

Шенеуніктер бюджет қаржысына қолшатыр сатып алғаннан кейін шу шықты

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуПогода
Погода - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2021
Жазылу
Желі қолданушылары шенеуніктердің мұндай қолжетімді затты бюджет қаражатына сатып алғанына наразылық білдірді

АЛМАТЫ, 9 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы бюджет қаржысына 50 қолшатыр сатып алған. Бұл қарақстандықтар арасында наразылық тудырды.

Облыс әкімдігі қолшатырды ресми делегация қажеттілігі үшін тендер арқылы сатып алғанын айтты.

"Диапазон" басылымының хабарлауынша, желі қолданушылары "шенеуніктердің қолшатыр сатып алуға жалақысы жетпей ме?", деп жазып жатыр.

КТК телеарнасының ақпаратына сәйкес, қолшатыр сатып алуға жарты миллионға жуық теңге бөлінген, алайда шенеуніктер жеңілдік арқылы оны 195 мың теңгеге сатып алған.

Оқи отырыңыз: Әкім орынбасары 83,7 млн теңге бюджет қаржысын ысырап етті деген күдікке ілінді

Әкімдік қолшатырдың екі түрін сатып алған: бірі – екі адамға арналған ағаш тұтқасы бар қолшатыр, екіншісі – қарапайым жиналмалы қолшатыр. Тек қара түсінен тапсырыс берген.

"Жақында премьер-министр келді, осы қолшатырмен делегацияны күтіп алдық. Әрине, ауа райына байланысты. Олар тек ғимарат ішінде жүрмейді ғой. Түрлі нысанға барады, аймақты көреді. Сол себепті қолшатырлар тез сынып қалады", - деді Ақтөбе облысы әкімдігі іс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейрам Әуелбеков.

Сатып алынған қолшатырлар 3 жылға есептелген, содан кейін оларды жаңарту жоспарланған.

Жаңалықтар
0