Өңірлер

Әкім орынбасары 83,7 млн теңге бюджет қаржысын ысырап етті деген күдікке ілінді

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, монеты
Деньги, тенге, купюры, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Жазылу
Шенеунік аграрлық кооперативке инвестициялық субсидияны заңсыз төледі деген күдікке ілінді

АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікке ілінді.

"Қайрат Нұрлыбаев бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша күдікті деп танылды. Ол "Бұйырғын" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне 83,7 миллион теңге көлемінде инвестициялық субсидияны заңсыз төлеген", - деп хабарлады "Мой город" басылымы әкімдікке сілтеме жасап.

Инвестициялық субсидиялау және оны төлеу шарттары 2019 жылдың 26 маусымы мен 4 желтоқсаны аралығында жасалған. Бұл уақытта Қайрат Нұрлыбаев Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарған. Бұл лауазымға 2019 жылдың 5 шілдесінде тағайындалды.

Қазір "Бұйырғын" кооперативі 83,7 миллион теңге көлеміндегі қарызды толық өтеді.

Нұрлыбаев Атырау облысы әкімінің орынбасары болып 2021 жылдың қаңтарында тағайындалған еді. 

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0