Өңірлер

Жетім бала арқылы ақша тапқан шенеунік сотталды – істің мән-жайы

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Жазылу
Тұяқбаев жетім баланы отбасыға тәрбиелеуге бергені үшін 400 мың теңгенің парасын алған

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек –  Sputnik. Талдықорған қалалық соты білім бөлімінің қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

"Талдықорған қаласының білім бөлімі" ММ балалардың құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі А.Тұяқбаевқа (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі) 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот үкімімен К.Полномочнова да (368-баптың 1-бөлігі) 4 миллион теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелді", - делінген ресми хабарламада.

Тергеу материалдарына сәйкес, Тұяқбаев жетім баланы отбасыға тәрбиелеуге бергені үшін 400 мың теңгенің парасын алған. Ал Полномочнова делдалдық қызмет атқарыпты.

Сондай-ақ Талдықорған қалалық сотының үкімімен Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары К. Орманов пен ІМАД №1 сәйкестік аудиті бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудитор Н. Айдабұлова 10 миллион теңгенің айыппұлын арқалады. Олар "Алматы облысы Жамбыл ауданы Самсы ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу" нысаны бойынша 2020 жылы жасалған аудиторлық тексеру қорытындысын азайтуға ықпал еткені үшін 1 миллион теңгенің парасын алған.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0