Әлем

Сарапшы АҚШ-тың Қара теңіздегі әрекетіне баға берді

© AP Photo / Ford WilliamsЭсминец "Портер"
Эсминец Портер - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2021
Жазылу
Сарапшының айтуынша, АҚШ-тың Қара теңізде әскери база құру мүмкіндігін қарастыратын болсақ, бұл тұста көптеген шектеулердің бар екенін байқауға болады

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. АҚШ-тың Қара теңіздегі белсенділігі Вашингтонның Ресейді тежеу бойынша ұстанымымен байланысты және өз күшін баршаға таныту ниетімен жасалып отыр. Алайда америкалықтардың Украина аумағында әскери-теңіз базаларын құру жөнінде шешімге келуі екіталай, деп санайды Ресей ғылым академиясының АҚШ және Канада институтының әскери-саяси зерттеулер орталығының жетекшісі, ЖЭМ әлемдік саясат кафедрасының профессоры Владимир Батюк.

Қара теңізге АҚШ-тың қанатты ракеталарымен қаруланған "Портер" эсминеці мен "Маунт Уитни" кемесі кірген болатын. Ресейдің қорғаныс министрлігі Донбастағы ахуалды "Киев күшпен шешуге дайындалған жағдайда" соғыс әрекетінің ықтимал театры ретінде америкалықтар Қара теңізді зерттеп жатқанын айтты. 

"Бұл Ресейді Балтық пен Қара теңізде тежеудің америкалық ұстанымы. АҚШ-тың өз күшін осылайша баршаға танытқысы келген әрекеті, одан басқа ештеңе емес", - деді ол РИА Новости агенттігіне.

Сарапшының айтуынша, АҚШ-тың Қара теңізде әскери база құру мүмкіндігін қарастыратын болсақ, бұл тұста көптеген шектеулердің бар екенін байқауға болады. Соның бірі - Монтре конвенциясы.

"Бұл конвенцияға сүйенсек, Қара теңіз жағалауына кірмейтін ел теңіз акваториясында әскери кемесін үш апта, яғни 21 күн ұстай алады. Бұдан артық уақыт кеменің теңізде болуына тыйым салынған. Америкалықтар Қара теңіздегі серіктерстері мен одақтастарына осылайша "қонақ" болып кетуі мүмкін, одан артыққа бара алмайды", - дейді ол.

Батюк америкалықтар өз базаларын әдетте саяси ахуал тұрақты бай мемлекеттерге орналастыратын айтты. Ол мысал ретінде батыс еуропалық елдер мен Бахрейн, Жапония, Оңтүстік Корея, Автсралияны атады. Оның пікірінше Украина бұл мемлекеттер қатарына жатпайды.

"Бұл ішкі жағдайы тұрақсыз кедей ел. Сондықтан кез келген америкалық әскери немесе саяси басшы саналы түрде украин территориясында қандай да бір тұрақты америкалық әскери немесе әскери-теңіз базасын құру туралы шешім қабылдауы екіталай", - деді Ресей ғылым академиясының АҚШ пен Канада институтының қызметкері.

Оның айтуынша, АҚШ кемелерінің Қара теңізге кіруі Донбастағы украиналық әскерилерге қолдау көрсету үшін жасалды деу қиын, өйткені Қара теңіз бен Донбасс әскери әрекеттерінің сценарийі екі түрлі.

АҚШ Әскери-теңіз күштері мәлімдеуінше, Монтре конвенциясын айналып өтіп жүргізілетін тұрақты әскери оқу-жаттығулар Ресейдің өңірдегі үстемдігін әлсіретеді. Келісімшартқа сәйкес, бейбіт уақытта Босфор және Дарданеллы бұғазы арқылы өтетін Қара теңіз аумағына жатпайтын мемлекеттер кеме түрі мен салмағы, сондай-ақ сол аймақта болу уақыты бойынша шектеуді сақтауы керек. Сондықтан АҚШ осы шектеулерді аналып өту мақсатында басқа мемлекеттерді күш біріктіруге шақырды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0