Қоғам

Аяжан Еділованың өлімі: сот талқылауы жабық режимде өтеді

© Photo : almaty.tvПропавшая Аяжан Едилова
Пропавшая Аяжан Едилова - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2021
Жазылу
Істі Алматының аса ауыр қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайды

АЛМАТЫ, 9 қараша – Sputnik. Аяжан Еділованың өліміне қатысты басты сот талқылауы 9 қарашада басталады. Ол Алматының аса ауыр қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде өтеді.

"Істі қарау сағат 10-ға жоспарланған. Іс шамамен 30 томнан тұрады, 30-ға жуық сараптама жасалды", - деді Аяжан отбасының өкілі Қадыржан Ғалымжанұлы.

Адвокат іске қатысты басқа мәлімет берген жоқ.

Іс сотқа 20 қазанда түсті. Алдын ала тыңдауда сотталушы алқабилер сотынан бас тартты. Енді тәртіпке сай үкімді судья шығарады.

Аяжан Еділованың өлімі

2001 жылы туған Аяжан Еділова 2021 жылдың 19 наурызында сағат 20:43-те жұмыстан шығып, сол күйі оралмаған. Қыздың жоғалғаны туралы хабар 20 наурызда тарады. Оны соңғы рет жұмыста көрген. Іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылды. Оның көз жұмғаны 22 наурызда белгілі болды. Қыздың бөлшектенген денесі Нұркент ықшам ауданындағы пәтерлердің бірінен табылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Информбюро 📺📲🎤 (@informburo31)

Кісі өліміне күдікті мен Аяжан келісім бойынша кездескен, бірақ бұл кездесудің мақсаты әлі де белгісіз. Туыстары бұл Аяжан бизнесіне қатысты деп ойлайды, қыз киім дизайнымен айналысқан.

Күдікті ер адам бірден ұсталды. Ол жәбірленушімен бірге кіреберісте бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Күдіктінің 1993 жылы туған ер адам екені, Түркістан облысында тұрғаны белгілі.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0