13:37 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
5308 0 0

Күдікті оқу орнына 2013 жылы грантқа түскен. Үлгерімі нашар болғандықтан, оқудан шығарылғаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз — Sputnik. Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікті екінші курста медициналық академиядан оқудан шығарылған.

"Астана" телеарнасының ақпаратына сәйкес, ол Шымкент медициналық академиясында фармацевтке оқыған.

Күдікті оқу орнына 2013 жылы грантқа түскен. Үлгерімі нашар болғандықтан, оқудан шығарылды.

Оқытушылар ол ешкіммен жанжалдаспайтын адам болғанын айтты. Тәртібіне байланысты шағым түспеген. Сондықтан бұрынғы студенттің ұсталғаны оқытушылар үшін күтпеген жағдай болды.

Ал мектепте үлгерімі өте жақсы деп бағаланған. Ол кезде күдіктінің ата-анасы педагог болды. Отбасында тағы екі бала бар.

Аяжан Еділованың өлімі

19 жастағы Аяжан Еділова 19 наурызда жоғалып кетті. Оны соңғы рет жұмыста көрген. Қызды іздеу бірнеше күнге созылды. Оның көз жұмғаны 22 наурызда белгілі болды.

Іс бойынша күдікті – Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны ұсталған сәтте өзін өлтіруге тырысты. Алайда дәрігерлер оны құтқарып қалды.

Егер ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылдан 20 жылға дейін сотталуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тақырып бойынша

Аяжан Еділованың күдіктімен жолыққан кезі түсірілген видео жарияланды
Алматыда денесі бөлшектелген қыздың ағасы: Тісін қағып алып, тырнағын кескен
Аяжан Еділованың өлімі: күдіктіге қатысты желіде тараған ақпарат расталмады
Интернетте танысқан жігітпен кездескен: Алматыда үш күн бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Аяжан Еділованың өлімі: полиция күдікті туралы ақпарат берді
Загрузка...

Басты тақырып